Түнгі ұйқының 9 пайдасы

0 16

Кейде мазасыз ойлардың жетегінде кетіп, болмашы  дүниелердің соңынан еріп, енді  бірде күндіз тәмамдай алмаған шаруалардың шырмауын шешуге асығып түнгі ұйқымыздан қағылып жататын  кездеріміз болып тұратыны өтірік дүние емес-ті. Сол себепті, түнгі ұйқының 9 пайдасы жайлы ескертпекпіз.

Біріншіден, өз үйіңізде не бөлмеңізде тез ұйқыға кете аласыз. Себебі, миға таныс иіс ақпарат беріп, тыныштық қалпына еніп, тез ұйқыға кетесіз.

Екіншіден, ғалымдардың зерттеуі бойынша, музыкалық аспаптарда орындалатын әндерді тыңдап ұйықтау, бұлшық еттердің қатаюына, ұйқының тыныш қалыпқа енуіне өзіндік көмегін тигізеді.

Үшіншіден, түстен кейінгі 14:00 мен 16:00 арасында дем алып алу пайдалы дүниелердің бірегейі. Ағзамыз бір жаңарып, ми жасушалары тынығады.

Төртіншіден, ғалымдардың зерттеулері барысында 4 сағаттық ұйқыны қанағат тұтатын адамдардың ағзаларында ешқандай ақаулық  кезікпейді. Оларға бұл толыққанды тынығуға жеткілікті уақыт.

Бесіншіден, жоғарыда аталған 4 сағаттық ұйқының иегерлері әлем бойынша 5% көрсеткішті құрайды. Көптеген адамдар қалыпты деңгейлдегі 8 сағаттық ұйқыны қанағат тұтса, 30% адамдар 8 сағаттан да көп уақыт мөлшерінде тынығады екен.

Алтыншыдан, түнгі ұйқының қажеттілігі біздің миымыз күндізгі кешкен күйімізді толықтай жадымыз бен сәйкестендіріп, салыстыра қызмет етеді. Кейде жағымды енді бірде жағымсыз түстер көріп жататындығымыз осыдан.

Жетіншіден, зерттеулер барысында анықтағандай күндіз өзіміз теледидардан не әлеуметтік желіде көрген видеолар желісін біз түсімізде қайта көріп шығамыз.

Сегізінші, әскери адамдардың зерттеулері бойынша ерте ұйқыға кеткен жандардың ертеңгі күндері еш ауырлықсыз, жеңіл өтеді.

Тоғызыншы, егерде 12 күн қатарынан 6 сағаттық ұйқымен   өмір сүретін болсаңыз, сіздің ағзаңызда 0,1 пайыз көрсеткіште алкаголь ішімдігін қолданғандай күйде жүресіз. Яғни, сіздің есте сақтау қабілетіңіз төмендеп, сөздеріңізді айту барысында қателіктерге ұшырап өзіңізді жайсыз сезіне бастайсыз.

Айтылмаш дүниелерді ескеріп, толыққанды ұйқымен дос болып, күндеріңізді сәтті өткізіңіздер.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.