Жамбылдық полицейлер апаттық- құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіруде

0 1

Жамбыл облысы ПД қызметкерлері жедел-қызметтік міндеттерді тиімді орындауды қамтамасыз ететін білікті және тиімді іс-қимылдарды меңгеру мақсатында өз қызметкерлері үшін апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізу дағдыларын жетілдіру бойынша тәжірибелік сабақтар ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараны облыстық ТЖД қызметкерлері өткізді. Оқу шеңберінде полиция алғашқы шұғыл көмек көрсетуге қажетті түрлі төтенше жағдайлар барысында арнайы құтқару құралдарын пайдалануды үйренді.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Полиция департаменті төтенше жағдайлар туындаған жағдайда азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін патрульдік автокөліктерді қажетті арнайы құралдармен және жабдықтармен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.