Жамбылда жел электр станциясының құрылысы басталды

0 18

Жамбыл облысы Сарысу ауданында жел электр станциясының құрылысы басталды. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметі айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Құрылыс басына аудан әкімі Қанатбек Мәдібек арнайы барып қайтты.

Аудан басшысының айтуынша, станция құрылысы аяқталғанда жыл он екі ай соғатын «Аққырқа»мен «Арыстанды Қарабас» желі ауданға өз пайдасын тигізбек.

Айта кетейік, жел электрлік станция – желдің кинетикалық энергиясын электр энергиясына айналдыратын қондырғы. Ол жел қозғалтқышынан, электр тогы бар генератордан, жел қозғалтқышының және генератордың жұмысын басқаратын автоматты қондырғыдан, оларды құрушы және қызмет көрсетуші құрылыстарынан тұрады. Жел энергетикалық станцияларда желсіз кезеңге арналған резервті жылу қозғалтқыш болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.