Тараздағы түзету мекемесінде жемқорлықтың алдын-алу бағытында жиын ұйымдастырылды

0 0

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД ЖД-158/7 мекемесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында жиын ұйымдастырылды. Бұл туралы ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Осы мақсатта басқосуға арнайы қатысқан ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің өкілі жеке құрамға түсіндірмелік жұмыстар жүргізіп, дәйекті дәлелдерді тілге тиек етті. Мәліметке көз жүгіртсек, өкініштісі көңіл көншітпейді. Әсіресе, құқыққорғау саласында жегі құртқа айналған парақорлық фактісі дендеп тұр.

Сондықтан осы сынды профилактикалық іс-шаралар аса қажетті. Күн санап сыбайлас әрекетпен күрес күшейе түссе, жеңі ұшынан жалғасқан жемқорлықты жою мақсатында агенттік тарапынан түрлі стратегиялық бағдарламалар әзірленуде. Солардың дені, «Адал дүкен», «Адал жол», «Әділдік алаңы» өзге де бірқатары таныстырылып, аймақтағы ахуал, әшкерелеу, жазалау дерегі, атқарылып жатқан жұмыстар айтылды.

Мұнан өзге, бейнеролик жиылғандар назарына ұсынылса, жеңіл жолмен қалтасын қалыңдатқысы келіп опық жегендердің өзегін өртеген өкініші мен түрлі салада орын алған құйтырқы іс-әрекеттер дерегі көрініс тапқан. Білдей басшылық жылы орынымен қас-қағым сәтте қоштасып, темір торға тоғытылғандардың ашщы шындығы өзгелерге оң сабақ болары анық. Бұдан бөлек, мекеме қызмеркерлерінің сауалдарына жауап беріліп, 2 АЕК жоғары алыс-беріс пара саналатындығы қатаң ескертілді.

Айта кетейік, мұндай профилактикалық, жемқорлыққа қарсы иммунитетті қалыптастыратын іс- шаралар легі ЖД-158/7 мекемесінде жүйелі жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.