Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың нұсқауы бойынша Жамбыл облысының Полиция департаменті жаяу патрульдеу режиміне көшті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент басшысы Арман Оразалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда облыстың Полиция департаменті жаяу патрульдеу тәртібіне қылмыстың алдын алу мен ескертудің, сондай-ақ көшелерде және қоғамдық орындарда құқық бұзушылық фактілеріне жедел әрекет етудің ең пәрменді әдістерінің бірі ретінде назар аударатын болады.
Жаяу патрульдеу құқықтық тәртіп сақшыларына оқиғаның белгілерін және жай- күйін дер кезінде бағдарлауға, адамдармен тікелей байланыста болуға және қажет болған жағдайда жедел көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта Тараз қаласының патрульдік полиция батальоны жеке құрамының 35- 40 пайызға жуығы жаяу қызмет атқару түріне ауыстырылды. Сонымен қатар, осындай жұмыс түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің қосымша күштері де тартылған.