Егер біреу ренжітсе…

0 111

Бірде бір жігіт досына:

– Сенің өзгелерге өкпе-реніш білдірген кезіңді көрген емеспін. Маған да өзіңдей болуды үйретші, — дейді.

Досы жігіттен картоп пен дорба әкелуді сұрайды.

– Егер де сен біреуге ренжіп, сол адамға ішіңде ыза мен ашуыңды түйер болсаң, бір картопты ал да, дорбаға салып қой.

– Сол-ақ па? — деп таңданады жігіт.

– Жоқ. Сосын осы дорбаны өзіңмен бірге үнемі алып жүр. Кімге ренжісең де бір картоптан қосып салып тұр, — дейді.

Жігіт келісіп, үйіне келеді. Арада біраз уақыт өтеді. Дорба тола бастайды. Тағы бірер айда дорба толып, ауырлайды. Кейбіреулері шіри бастайды. Жігіт досына келіп: – Мұны енді өзіммен алып жүру мүмкін емес. Қатты ауырлап, картоптарым шіри бастады. Басқа нәрсе айт, — дейді. Сонда досы:

– Адамдардың жүрегінде де дәл осылай болады. Мұны өздері байқамайды. Біреуге деген өкпе-реніш жүректе жиналып, жараға айналады. Адам да ішінен шіри бастайды. Енді біреуге ренжіген сайын, не біреуді ренжіткен сәттеріңде бұл ауыр жүктің саған керегі бар ма, жоқ па, жақсылап ойланып ал, — деп жауап береді.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.