Көптеген адамдар таңғы асқа қып-қызыл жаңа дайындалған шай ішкенді ұнатады. Алайда, бұл дәстүрдің зияны да жоқ емес екен. Ұзақ мерзімді ауқымды зерттеулердің нәтижесі бойынша, ыстық шай ішкендерде өңеш обырының даму қаупі артуы мүмкін.
Ғалымдардың анықтағанындай, шайды жақсы көретіндер тәулігіне 700 мл-дан асатын, температурасы +60 градустан жоғары сусынды ішсе, шайды аз ішетіндермен салыстырғанда оларда өңеш қатерлі ісігінің даму қаупі 90 пайызға артатыны белгілі болды.
Зерттеуге 40-75 жас аралығындағы Иранның солтүстік-шығысындағы Гулистан провинциясының 50 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Бақылау 2004-2008 жылдары басталған, содан кейін 10 жыл бойы жалғасты. 2004 және 2017 жылдар аралығында ғалымдар қатысушылар арасында 317 адамнан жаңадан пайда болған қатерлі ісікті анықтады.
«Көп адамдар шай, кофе секілді немесе басқадай ыстық сусындарды ішкенді жақсы көреді. Алайда, біздің зерттеудің нәтижесі бойынша, адам өте ыстық шайды ішсе, өңеш қатерлі ісігінің пайда болу қаупі артады, сондықтан біз ыстық сусындарды ішпес бұрын суыту керектігін ескертеміз », — дейді Америкалық онкологиялық қоғамдастықтың докторы, зерттеудің жетекшісі Фархад Ислами.
Жалпы, бұрынғы зерттеулерде ыстық шай мен өңеш қатерлі ісігі арасындағы байланыс анықталған болатын. Жаңа зерттеу жұмыстарында ғалымдар сүйікті сусындардың денсаулыққа зиянын тигізетін нақты температурасын анықтады.
Халықаралық онкологиялық зерттеулер агенттігінің хабарлауынша, өңештің қатерлі ісігі әлемдегі сегізінші ең жиі кездесетін қатерлі ісік болып табылады және жиі өлімге әкеледі. Бұл індеттен жыл сайын 400 мыңға жуық адам қайтыс болады екен. Оның себебі, әдетте: өңешке әсер ететін темекі түтінінен, сондай-ақ, алкогольден, қышқылдық рефлюкстерден және ыстық сусын ішкеннен болып қалуы да ықтимал. Бұрынғы зерттеулерге сүйенсек, өңеш обырына ыстық шайдың қандай қатысы бар деп ойлар едік. Лондонның гигиена және тропикалық медицина мектебінің профессоры Стивен Эванстың айтуынша, мәселе сусынның түрінде емес, оның температурасында.
«Бәрі де болуы мүмкін, ол кез-келген ыстық тамақ пен ыстық шайдың себебінен де болуы әдбен ықтимал. Мысалы, жаңа дайындалған немесе ысытылған тамақ та өңешті зақымдауы мүмкін. Мүмкін, мұндай зақым клеткалардың өзгеруіне, демек, онкологиялық ауруларға әкелуі мүмкін », — деді доктор Эванс.
Америка Құрама Штаттарында және Еуропада шай өте сирек тұтынылады, температура 60-65 градус Цельсийден асады, бірақ Ресей, Иран, Түркия, сондай-ақ Оңтүстік Америка сияқты елдерде ыстық шайды ішу әдетке айналады. Ғалымдардың айтуынша, ерекше қаупі жоғары температура самаурын шайы болып табылады. Еліміздегі ыстық шайдың жанкүйерлері соңғы ғылыми ұсыныстарға да назар аударып, осы сусынды тек денсаулығы үшін ғана пайда әкелетін етіп қолдануы керек.
Дереккөз: massaget.kz