Тараз қаласында су добынан жазғы спартакиада болып өтті

0 0

Тараз қаласында су добынан ерлер мен әйелдер арасында республикалық V жазғы спартакиадасы болып өтті. Додаға еліміздің 6 облысынан 140 спортшы қатысты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Жарыстың қорытындысы бойынша бағдарламаның әйелдер арасында І орынды Жамбыл облысы алса, ІІ орынды Алматы қаласы қанжығасына байлады. Ал ІІІ орынға Батыс Қазақстан облысы ие болды.

Бұған қоса, ерлер арасында І орынды Алматы қаласының командасы алды. Ал, ІI орын Жамбыл облысының командасына бұйырса, ІІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасы місе тұтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.