Мойынқұм аудандық Мәдениет үйінде «Медицина кәсібі — адамгершіліктiң асылы» атты Денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2003 жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісi дәрiгерлердiң төл мерекесі ретінде аталып өтіледi.
Салтанатты жиынның ашылуында аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Есеев ақ халатты абзал жандарға алғысын айтып, еңбектерiне толайым табыс тіледі.
Сондай-ақ ауданның денсаулық сақтау саласындағы көп жылғы еңбегі үшін үздік дәрiгерлер Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасымен», ал бiрқатар қызметкерлер аудан әкімінің, аудандық Мәслихаттың «Құрмет», «Алғыс» хаттары мен марапатталды.