Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Латын графикасы – мемлекеттік қызметте» аудандық байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, мемлекеттік қызметшілердің латын графикасы негізіндегі қазақ әліпбиін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан меңгергенін анықтау, мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру мақсатында ұйымдастырылған байқауға Аса, Айшабибі, Ақбұлым, Ақбастау, Ерназар, Көлқайнар, Қаракемер, Қарасу, Қарой, Қаратөбе,Полатқосшы, Өрнек ауылдық округі әкімі аппаратының қызметкерлері және аудан әкімідігінің бөлімдерінен құралған қызметкерлер қатысты.
Қарасу ауылдық округі әкімі аппаратының «Қарасу тарландары» командасы I орынды, Қарой ауылдық округі әкімі аппаратының «Сұңқар» командасы және «Ұлы дала қырандары» командасы I I орынды, Айшабибі ауылдық округі әкімі аппаратының «Өрлеу» командасы III орынды иеленіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Қалған командаларға да аудан әкімінің атынан Алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.