Нейромаркетинг саласында көп жыл бойы қызмет етіп келе жатқан атақты маркетолог Мартин Линдстром бізді сауда жасауға мәжбүрлейтін 7 қулықтың сырын ашты. Олармен сіздерді де таныстыра кетуді жөн санадық.
1-қулық: «Айна тәріздес нейрондар»
Не себепті өзге адамдарға сыни пікірлер айта беретініміз айна тәріздес нейрондарға байланысты. Яғни жаздай жадырап көңілді жүретін адамды көрген кезде еріксіз күліп, жылап отырған адамды көргенде мұңаямыз. Айна тәріздес нейрондар мидың лимбикалық жүйесіне, яғни эмоциялар пайда болатын жеріне сигнал жібереді. Нәтижесінде өзімізді өзгелердің орнына қоямыз.
Мысалы, бір адамның әдемі кеудеше киіп алғанын көрсек, дәл сондайын өзіміз де алғымыз келіп тұрады. Осы күндері сникерс аяқ киімдердің сырт көрінісі әдемі болмаса да, сәнге айналғандығы үшін әрбір үшінші адам киеді.
2. «Дофамин»
Зат сатып алған кезде адам өзін бақытты сезіне ме? Ғалымдардың айтуынша, аз уақытқа болсын, расымен де бақытқа бөленеді. Бұл дофаминге тәуелділігімізбен түсіндіріледі. Дофамин дегеніміз – мақтаныш, рақат, бақыт сезіміне деген құштарлық. Бір зат сатып алған кезімізде миымыз дофамин бөліп, көңіл-күйіміз көтеріледі. Әдетте зат сатып алғанда оны қалтамыз көтере ала ма деп ойланамыз.
Осыған сәйкес, ғалымдар мидың оныншы Бродман аймағы сапалы тауарларды көрген кезде белсенділікке ие болып, темір-терсек сынды ескі заттарды көрген кезде қозғалысын баяулата түсетіндігін анықтаған. Басқаша айтқанда заттарды ақшамызға сәйкес қана бағалай аламыз. Бұл заттарды тек мақтанып қалу үшін тұтынуымыз да ғажап емес.
3. «Ассоциативті бағандар»
Кейінгі кезде Abercrombie & Fitch, Ralph Lauren немесе Philip Morris сынды компаниялар логотипсіз жарнаманы пайдалануға көшкен. Және бұл әрекеттерінің нәтижесінде табысқа жетуде. Мысалы, Philip Morris компаниясы Marlboro логотипін еске түсіретін жиһаздарды, түстерді қолдануды ұсынады. Ал адам санасына әсер ететін жарнаманың күші мықты.
4. «Соматикалық маркерлер»
«Dasani суы дейсіз бе? Жоқ, оны Coсa-Cola өндіреді. Мен мұның қарапайым краннан алынатын су екенін естігенмін. Ол суды мүлдем тұтынғым келмейді. Ал Iskidle суының жағдайы басқаша. Оны Дания өндіреді. Әзірге Iskidle қандай су екенін білмеймін, бірақ Дания дені сау, ауасы таза тұрғындар өмір сүретін мемлекет. Бөтелкесінің өзі таза су екенін байқатады. Айтпақшы бағасы қымбат, әрі сапасы бағасына лайық».
Сатып алушының бұл монологы соматикалық маркерлер шынжырынан тұрады. Біздің тауарды сатып алумыз оны не нәрсемен байланыстыратынымызға да тәуелді.
5. «Иістер»
Мықты мамандар адамдарды жағымды иістермен баурап алуға болатынын біледі. Саудагерлердің бұл саясаты «Сенсорлы брендинг» деп аталады. Маркетологтар әрбір тауардың хош иісі болуын қамтамасыз еткен. Мысалы ұшақтардың ішіне шалғынды кең жайлауды еске салатын иістер сеуіп қояды. Осылайша адам өзінің жүйкесін тынышталдырып, жақсы ұшады. Күнделікті фастфуд желісінде шығып тұратын тауық иісін RTX9338PJS коды бар аэрозольды балонның көмегімен таратады.
6. «Дыбыстар»
Адамдар дыбысы мен суреті көп жарнаманы есінде жақсы сақтайды. Аудиобрендинг мәселесі 1950 жылдары шыққан. Мысалы, шәй ішкісі келген кезде, теледидардан көрген пиала шәйінің әуенін есіне түсіреді. Осылайша супермаркеттерде жүріп осы әуенді естіген кезде рақаттанып шәй ішіп отырғандай болады.
7. «Тауарлардың дәстүрмен байланысы»
Қазақы өрнектері бар әшекей бұйымдар мен жиһаздардың елімізде жоғары сұранысқа ие болатыны анық. Сондықтан қолөнер бұйымдары деп жалғандарын да сатып жіберуі мүмкін.
Дереккөз: massaget.kz