Адам баласы өмірге келгеннен кейін мағыналы, мәнді ғұмыр кешкісі келеді. Соның жолында түрлі қиындықпен күресе түседі. Көп нәрсеге қолымыздың жеткенін қалаймыз. Өміріміз қызыққа, қуанышқа толы болса дейміз.
Алайда бойымыздағы қорқыныш сезіміне бастайтын белгісіз бір күш бір шеңбердің ішінде шыр айналдырады да қояды. Көңілдегі еркіндікке деген құштарлық тулай түскенде өмірдегі барлық нәрсені бір байқап көргің келеді. Бәріне үлгерсем дейсің. Сіздердің назарларыңызға адамдардың өмірде істеуге тиіс 50 нәрсесін ұсынамыз. Бұл тізім кейбіреулеріңізге күлкілі көрінуі мүмкін.
Алайда бұл – өмір сүруге деген құлшынысыңызды арттыру жолында таптырмас кеңестер болары сөзсіз. Сіз осы нәрселерді жасап көрдіңіз бе? Оқып көріңізші…
1. Анаңызға 50 тал шоқ гүлін сыйлаңыз, және “мен сізді жақсы көрем” деп айтыңыз.
2. Қандай да бір шет тілде сөйлеуді үйреніңіз.
3. Түн ортасында теңіздің жағасында серуендеңіз.
4. Париж, Лондон секілді романтикалық қалалардың біріне қыдырып барыңыз.
5. Әдемі боп киініп театрға барыңыз.
6. Суретшіге өз портретіңізді салдырыңыз. Мейлі, тіпті көшеде отырғанына болсын.
7. Киноға ең болмаса массовкаға түсіңіз.
8. Кімге болсын өз өміріңізді бастан аяқ айтып беріңіз. Еш өтіріксіз, бір бөлшегін де қалдырмастан баяндаңыз.
9. Өзіңізге пікір қабылдап үйреніңіз.
10. Биік жартастан парашютпен секіріп көріңіз.
11. Сөмкеңізді асыныңыз да адам аяғы баспас жерге біраз уақытқа жоғалып кетіңіз.
12. Шаш үлгіңізді, түсін де өзгертіңіз.
13. Айға баратын жолаушылардың бірі болып тізімге жазылыңыз.
14. Мінезіңізді, жүріс-тұрысыңызды қалыпты ұстау үшін жеке стиліңізді қалыптастырыңыз.
15. Ен далада түйемен серуендеңіз.
16. Көршіңізбен тату болыңыз.
17. Дельфинмен бірге суға шомылыңыз.
18. Терек отырғызыңыз.
19. Егер расымен де айтуға мәжбүр болсаңыз, “жоқ” деп айтып үйреніңіз.
20. Үлгі тұтар кумиріңізге хат жазыңыз.
21. Әкеңізге барып вальс билеуді үйретуін өтініңіз.
22. Бастық болуды көздеңіз.
23. Әрбір досыңызбен жолығып, той-думандарға бара беруді доғарыңыз.
24. Жалтақтаусыз, еш себепсіз, есепсіз ғашық болыңыз.
25. Демалысыңызда тек жалғыз өзіңіз көптен барғыңыз келіп жүрген жерге тартып кетіңіз. Ол жер алыс болмауы да мүмкін.
26. Сурет салыңыз, көңілде жүрген ойларыңызды қағазға түсіріңіз.
27. Әдемі бір өзеннің жағасына барып, өзіңізге қатты ұнайтын өлеңді оқып беріңіз.
28. Биік таудың шыңына шығып бар дауыспен ән салыңыз.
29. Бастығыңыздан жалақаңызды жоғарылатуын сұраңыз.
30. Қандай да бір музыкалық аспапта ойнауды үйреніңіз.
31. Ішкі ойыңызды жасырып жүре бермей, айналаңыздағы адамдарға өздері туралы не ойлайтыныңызды айтып беріңіз.
32. Түнімен көңіл көтеріп, билеп, таңмен сол күйі жұмысқа барыңыз.
33. Марафонға қатысыңыз.
34. Танымайтын бір адамға еш себепсіз көмек көрсетіңіз.
35. Жаңа ғана танысқан адаммен кездесу белгілеуге қорықпаңыз.
36. Өзіңізді сайқымазақ ретінде ұстап, шаршағаныңызша көңіл көтеріңіз.
37. Жұлдыздардың астында ұйықтап көріңіз.
38. Бірнеше сағат би кешінде болыңыз. Әрине жай болып қоймай, айызыңыз қанғанша би билеңіз.
39. Көлігіңізді ауыстырып көріңіз.
40. Ғашық адамыңызға бар сезіміңізді жайып салған хат жазыңыз.
41. Жаңа жылды орманда қарсы алыңыз.
42. Кафеде не мейрамханада оркестрмен бірге ән салып көріңіз.
43. Атыңызды қандай да бір қорға, саябаққа, гүлзарға беріңіз.
44. Өз қалауыңыздағы үй тұрғызып шығыңыз.
45. Қандай да бір телевизиялық бағдарламаға қатысып көріңіз.
46. Үш айдың ішінде сымбатыңызды қалыпқа келтіріңіз.
47. Өзіңізді дәл осы күйіңізде қабылдауға тырысыңыз.
48. Көп адамның алдында қысылмай сөйлеуді үйреніңіз.
49. Өміріңізде бір рет болсын бал, карнавалдарға қатысып, спорттық жарыстарды, концерттік бағдарламаларды тамашалаңыз.
50. Күніне бір рет өзіңізге есеп беруді ұмытпаңыз.
Дереккөз: massaget.kz