Аймақ басшысы Асқар Мырзахметов медицина қызметкерлерін құттықтады

0 1

Аймақ басшысы Асқар Мырзаxметов медицина қызметкерлері күніне орай «Баласағұн» ОКЗ-да өткен салтанатты шараға қатысты. Аймақ басшысы сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жұмыстарына сәттілік тіледі, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір медицинасының дамуына еңбегі сіңген дәрігерлер мен сала қызметкерлеріне Құрмет грамоталар мен арнайы төсбелгілер табысталды.
Атап айтсақ, Қазақстан Респуликасы денсаулық сақтау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Мойынқұм аудандық орталық ауруханасының онколог дәрігері Ж.Байманасова, «Садыхан» облыстық кеңес беру және диагностикалау медицина орталығының невропатолог дәрігері Ө.Өмірбекова марапатталды.

Қазақстан Респуликасы денсаулық сақтау министрлігінің «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен Сарысу аудандық орталық ау мейірбикесі Т.Бекболатова, Жамбыл облыстық медициналық жедел — жәрдем стансасы санитариялық авиациясы бөлімшесінің аға фельдшері С.Бақбергенов, Қордай аудандық орталық ауруханасы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі А.Ганиев, №1 қалалық ауруханасының гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Р.Қошқарова марапатталды.
Сонымен қатар, «Жамбыл облысына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен денсаулық сақтау саласының ардагерлері С.Ордабеков және К.Бекқұлиев марапатталды.
Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен №2 қалалық ауруханасының бөлімше меңгерушісі Ж.Сатыбекова, Жамбыл облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері Т.Шымырбаев марапатталды.

Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хатымен облыстық тері – венерологиялық диспансерінің бөлімше меңгерушісі А.Раймқұлова, облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатр дәрігері Б.Төлегенова, облыстық балалар ауруханасысының хирург дәрігері И.Мойсюк марапатталды.

Айта кетерлігі, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мерекелік шарадан соң жайылған дастарханда денсаулық сақтау саласының ардагерлерімен пікір алмасып, естелік суретке түсті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.