Отбасын құруға ең қолайлы уақыт

0 0

Қарым-қатынасқа бір жыл толған уақыт заңды некеге отыратын ең жақсы кез саналады. Осы уақыт ішінде адамдар бір-бірлеріне үйлесе алар-алмастарын түсініп, қажетті тұжырымдарға баратын болады.

Заңды некеге отырған жандар арасында ажырасу аз орын алар еді (некеге отырғандардың 95 пайызы), егер қарым-қатынастарына бір жыл толтырып барып ресми үйлі болғанда.

Бір жыл немесе жарты жылдың өзі түсінісуге жетерлік уақыт дейді. Егер адамдар арадағы қарым-қатынастарын екі жылдан асырып алып, әлі үйленбей жүрсе (студенттерге қатысы жоқ), онда статистикаға көз жүгіртсек, көптеген жандардың сол уақытта бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктері жоғалып, салмақты шешім қабылдар сәтте жүректері суып қалатын көрінеді.

Егер екі жыл ішінде ортақ бизнес, ортақ бала немесе үй шаруасында жауапты жұмыстар болмаса, онда әлгі үйлі жандардың отбасылық өмірі жай ғана әдетке айналмақ.

Қарым-қатынастың мұндай жағдайда күлі көкке ұшатыны белгілі. Психологтардың айтуынша, отбасылы жандардың ең көп ұрсысатын кезі — демалыс уақыты. Демалыс кезінде отбасылық дау-дамайдың өршуі үйреншікті жайтқа айналып келеді.

Психологтар осы бір сұрақ төңірегінде ізденіп көріпті: Неге адамдар демалыс уақытында көп ұрсысады? Қатал жұмыс тәртібі күндерінде ой ағыны тежеліп, адамның сол уақытта демалыстың келуін күтуі «көктен түскен жұмақтай» көрінеді. Олардың ойында: көк-жасыл теңізге барады, ал бүкіл проблемалар өздігінен шешілмек. Алайда, мұның бірі де орын алмайды. Егер жұбайлары қарым-қатынаста дұрыс ықылас білдірмей жатса, онда бірге болғанның еш қызығы да қалмайды. Сосын, көңіл-күйдің осы бір сәтінде санаторий мен қонақүйге барудан басқа амал қалмақ емес. Қақтығыстар басталады. Аяқталады.

Мамандар демалыс уақытында отбасылы жандарға қарым-қатынасты реттестіруге кеңес бермейді. Одан гөрі жұмыс күндері шешкен әлдеқайда оңтайлы дейді. Себебі, жұмыс күндері екінші жартыны тізгіндеуде артық жүріске баруға мүмкіндік жоқ емес пе?! Өз-өзіңмен әңгімелесу пайдалы екен.

Өз-өздерімен бірнеше күннің ішінде бірнеше рет әңгімелесіп үлгеретін адамдар көптеп кездеседі. Мінез-құлықтың бұл түрі ауытқушылыққа жатпайды және ми жұмысына өте-мөте пайдалы. Бұл туралы Висконсин-Медисон Университетінің психологтары анықтап білген.

Сынақ барысында қатысушыларға жоғалған киімдерді іздеуге өтініш жасаған — мамандардың айтуынша, сынақтың осы бір түрі адамды өз-өзімен әңгімеге жетелейді екен. Сосын, сынаққа қатысушылардың жартысына үндемеулерін бұйырса, екінші бір жартысына сөйлесуге рұқсат берген.

Сынақ көрсеткендей, екінші топ бөлігі (өз-өздерімен сөйлегендер) тапсырманы тез тындырған. Психологтардың айтуынша, сөз өнері ойлау жүйесін жандандырып, керекті шешімді табуда көмектессе керек.

Дереккөз: massaget.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.