Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі, тек батыста және солтүстік-батыста аздаған жаңбыр жауып, найзағай болып, жел күшейеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Қазгидраметке сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз кей жерлерінде дауыл күтіледі.
«Алматы, Ақтөбе, күндіз Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман болады», — дейді мамандар.
Айтуларынша, Атырау облысында, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарның кей жерлерінде күндіз қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Алматы, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.