Жамбыл облысының әкімі бастаған жұмыс тобының іссапары Қордай ауданында жалғасатын болады

0 1

Облыс әкімі бастаған жұмыс тобының іссапары ертең Қордай ауданында жалғасатын болады. Асқар Мырзаxметовтың Меркі ауданындағы жұмыс сапары аудан активімен өткен жиында қорытындыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда жергілікті атқарушы органдарының жұмыс алгоритмі және «Қарапайым заттар экономикасы» мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар қаралды.
Жиында ауданға қарасты ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, арнайы келген жұмыс тобының елдімекендердегі зерделеу шараларының қорытындысы баяндалды.

Айта кету керек, ауылдардың экономикалық дерекқорын қалыптастыру, әлеуметтік төлқұжатын түзу жұмыстарында сылбырлық басым.
Әсіресе, түсіндіру, ұйымдастыру шараларының әлсіздігі көзге ұрып тұр. Оны ауылдық округ әкімдерінің берген мардымсыз жауаптары аңғартты.

Бүгінгі таңда ауданда барлығы 17 мыңнан аса аула бар десек, ондағы жер көлемі 3600 гектарды құрайды. Ал бұл жерлерді ұтымды ұқсату шаралары көңіл көншітпейді. Оны тиімді игеріп, толайым табыс көзіне айналдырудың негізгі тетігі — кооперативтерге бірігу. Қосалқы шаруашылықтар бірігу арқылы айтарлықтай мүмкіндіктерге қол жеткізбек. Өңір басшысы өз сөзінде осыны баса айтты. Асқар Исабекұлы жұмыс тобының аудандағы бір күндік іс сапарының өзегі — xалықтың тұрмыс-тіршілігін арттыру екендігін айрықша атап өтті.

Сондай-ақ, аудандағы қарапайым заттар экономикасын дамыту жайы да қозғалды. Қазірге дейін бұл бағытта 158 жоба бойынша ұсыныс анықталған. Аймақ басшысы мұндай жобалардың санын еселей түсу керектігін ескертті. Сонымен қатар, басқосуда елдімекендер маңындағы алқаптарды да тиімді пайдаланудың маңыздылығы айтылды.

Тұрғындар тарапынан білдірілген ұтымды ұсыныстар назарға алынып, көтерілген мәселелерге толыққанды жауаптар қайтарылды.
Жиын қорытындысымен тиісті тұлғаларға нақты тапсырмалар жолданып, бір ай уақыт мерзім берілді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.