Жамбыл ауданының тұрғынынан қарасора мен апиын көкнарының егісі табылды

0 7

Жамбыл ауданының тұрғынынан қарасора мен апиын көкнарының егісі табылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының «Бірлесу-Еңбек» ауылында өсірілген 12 түп қарасора мен 1020 түп апиын көкнарының алқабын анықтады.

Тыйым салынған көшеттер 16 маусым күні «Көкнар» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласын қарау кезінде анықталды.
Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 300-бабының 2-бөлімімен (құрамында есірткі заттары бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді ірі мөлшерде заңсыз өсіру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына, контрабандасына қатысты есірткі бизнесіне қарсы күрес бойынша профилактикалық жұмыстар өзінің тиімді нәтижелерін беруде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.