Жамбыл облысында бітіру кештері кезінде құқық бұзушылық әрекеттері анықталған жоқ

0 0

Жамбыл облысында бітіру кештері кезінде құқық бұзушылық әрекеттері анықталған жоқ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ювеналдық полиция қызметкерлері құқыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу мақсатында бітіру кештері кезінде кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар іс-шаралар жүргізді. Бірінші кезекте барлық білім беру ұйымдарына мектеп инспекторлары бекітілді, жастар көп жиналатын жерлерде бақылау күшейтілді (саябақтар, скверлер, алаң).

Қоғамдық тәртіпті бұзудың алдын алу, кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқыққа қарсы әрекеттердің жолын кесу мақсатында бітіру кештері аясында жоспарланбаған іс-шаралар кезінде қалалық бөлімдердің әкімшілік аумағында патрульдеуді жүзеге асыратын қосымша үш мобильді топ бөлінген. Бітіру кештерін өткізу орындарында облыстың КҚПБ басшылығы құқық бұзушылықтың алдын алу, спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін қолдану, сондай-ақ балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу мәселелері бойынша ата-аналар комитеттерімен әңгімелесулер өткізуге бастама жасады.

Тараз қаласы мен аудан орталықтарында 47 бітіруші кеш өткізілді. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен құқық бұзушылық әрекеттері анықталған жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.