Жамбыл облысында Республикалық ақпараттық-насихаттау апталығының ашылу салтанаты өтті

0 1

Жамбыл облысында Республикалық ақпараттық — насихаттау апталығының ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жамбыл облысы әкімдігімен бірлесіп республикалық апталық аясында 2019 жылғы 24-28 маусым аралығында Тараз қаласында және Жамбыл, Байзақ аудандарында республикалық ақпараттық-насихаттау апталығын өткізеді.

Апталықтың ашылу салтанаты «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік тірегі» тақырыбында  Ы.Дүкенұлы атындағы мәдениет үйінде өтті. Іс-шараны облыс әкімінің орынбасары С.Құрманбекова ашты.

Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғ.Мелдешов, жазушы, Мемлекеттік сыйлық иегері Б.Нұржекеұлы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Қ.Сегізбайұлы, «Тіл-Қазына» орталығы бас директорының кеңесшісі, қоғам қайраткері О.Асанғазы.

Қатысушылардың назарына жаңа әліпбиді үйрететін әдістемелік құралдар мен әдістемелік сабақтар көрмесі ұсынылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.