Таңертеңгі сағат алтыдан бастап Шымкенттегі 53 эвакуациялық пункттен Арыс тұрғындары өз үйлеріне оралуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сағат 8:00-ге дейін бас-аяғы 78 автобус пен қоғамдық көлік аттанып кеткен, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Арысқа кеткен қоғамдық көліктерде шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Мәселен, орталық мешіттен 15-ке тарта қоғамдық көлікпен 400-ден аса мініп кетті. Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын.
Сондай-ақ, Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.