«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалында 28 маусым – БАҚ қызметкерлері күніне орай аталған сала мамандарымен кездесу өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Басқосуда партия облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат арнайы құттықтап, шығармашылық табыстар тіледі.
Партия жұмысына ақпараттық қолдау білдіріп жүрген бірқатар БАҚ өкілдеріне сый-сияпат көрсетіліп, марапат жасалды.
Айта кетейік, Үкіметтің қаулысымен биылдан бастап 28-ші маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің төл мерекесі күні болып бекітілді.
Бұған дейін журналистер күні маусым айының соңғы жексінбісінде атап өтілетін.