Таразда І республикалық «Көне Тараз күмбірі» этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтың қолдауымен өткен өнер додасының салтанатты ашылуы театрландырылған қойылыммен басталды. Қойылымда Ықылас, Жамбыл, Кенен және Нұрғиса бабаларымыздың оброздары сомдалды. Бұған қоса, «Тараздан тарту» атты би композициясы ұсынылды.
Сонымен қатар, «Көне Тараз күмбірі» атты Республикалық этно-фольклорлық ансамбльдер конкурсына қатысқан 16 ансамбль аталған өнер додасына өте жоғары дайындықпен қатысты.
Сондай-ақ, конкурста ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Дәурен Жанашұлы Ғылымов, Қазақ ұлттық өнер университетінің Қорқыт ата атындағы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, композитор, Әлқуат Дотаұлы Қазақбаев, күйші, композитор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері,Ермұрат Үсенұлы Үсенов, Күйші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әбдімомын Желдібаев қазылық етті.
Іс-шара соңында Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Сұлушаш Сәтбекқызы алғы сөз алып, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттарын табыстады.