Жамбыл облысында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» ҚРЗ талқыланды

0 1

Жамбыл облысында «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»
ҚРЗ талқыланды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Қазақстан Республикасы ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің департамент мамандары асыл және жартылай бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды сататын «Абдикадырова Т.С.», «Татикулова М» жеке кәсіпкерлерге «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы»Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңының нормаларын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.

Департаменттің бөлім басшысы Құралай Киргабакова және бас маман Марат Сармолдаев аталған Заңның 7-бабының 4-тармағына сәйкес бағалы металдар мен асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды, құрамында бағалы металдары бар шикізат тауарларын Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелуді түсіндірді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкетуді жүзеге асыру үшін, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының белгіленген тәртіппен уәкілетті органға міндетті түрде хабардар ету туралы, қызметтің басталғаны туралы хабарлама негізінде жүзеге асырылатындығы айтылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.