Жамбыл облысы ПД-де үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды

0 1

Жамбыл облысы ПД-де үздік учаскелік полиция инспекторы анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

1 шілде күні Жамбыл облысының Полиция департаментінде «Үздік учаскелік полиция инспекторы» байқауы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты аудандық полиция инспекторлары жұмысының тиімділігін арттыру, қалаларда және аудандарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің оң түрлері және әдістермен алмасу, полицияға деген сенімді арттыру үшін полиция инспекторларының рөлін күшейту болды.

Негізгі конкурсқа қалалық және аудандық бөлімшелерде ұйымдастырылған бірінші кезеңде ең үздік деп танылған 14 учаскелік инспектор қатысты.
Конкурстың басты шарттары бойынша қатысушылардың моральдық және іскерлік қасиеттері, олардың дене дайындығы, атыс шебіндегі жетістіктері, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек көрсету мен нормативтік актілер бойынша білімдері ескерілді.

Байқау қорытындысы мен конкурстық комиссияның шешімі бойынша «Үздік учаскелік полиция инспекторы» атағына Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторы полиция капитаны Қанат Нарбеков ие болды. Ол полицияда өз жолын 2009 жылдың наурыз айынан бастады, учаскелік инспектор болып 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді.

Қанат Нарбеков 12 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында өтетін учаскелік полицейлердің республикалық байқауында өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.