ҚР Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры, медицина ғылымының кандидаты М.М.Әденов кезекті іс-сапармен Жамбыл облысына келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Іс-сапар барысында Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығының барлық бөлімшелерін аралап, жұмыс барысымен танысты. Орталықтың бас дәрігері Қ.Қ.Жетібаев облыстағы туберкулез саласының жетістіктерімен таныстырып, соңғы жылдары алынған заманауи технологиялық медициналық құрылғылармен таныстырды.
Сондай-ақ , облысымыздағы туберкулезге қарсы ересектерге және балаларға арналған санаторийлерде болып, облыстағы сауықтыру жұмысын бағалады.