Жамбылдық құтқарушылар суда шомылу қауіпсіздігіне бағытталған іс-шара өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Тараз қаласының «Зербұлақ» көлінде адамдардың суда қаза болуын алдын алуға және шомылу кезінде су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауға бағытталған көшпелі брифинг пен баспасөз туры ТЖД бастығы Б.Ж. Даниловтың қатысуымен өткізілді.
Онда, ТЖД қызметкерлері жаға-жайдағы демалушыларға жадынама таратып, судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Сондай-ақ, Жедел-құтқару жасағының суда-құтқару станцияның құтқарушылары судағы апат фактілерін жою және адамды құтқару әдістерін және сүңгуір-іздестіру жұмыстарын шартты түрде пысықтауды жүзеге асырды.
Құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін зардап шегушіні жүзу құралында жағалауға жеткізіп, суда зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету жүргізілді. Аппаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шегушіге реанимациялық іс-шаралары жүргізді.
Балаларды жүзуге үйрету олардың су айдындарында болудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Жедел-құтқару жасағының тәжірибелі құтқарушылары балаларды суда жүзуге және суда өз-өзін ұстау дағдыларына үйретті.
Айта кетейік, шомылуға арналған орындарда міндетті түрде балалардың шомылуына арналған орын белгіленуі және жабдықталуы тиіс. «Зербұлақ» көлінде бұл орын балаларға тереңдікке түсуге мүмкіндік бермейтін арнайы шектеу торымен қоршалған.