«Жансая»мөлтек ауданындағы 34 үйдің алдына «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» жобасы аясында ҚР суға жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Күміс және 3 дүркін қола жүлдегері, ПараАзия ойындарының жүлдегері Зульфия Габидуллина өз қаражатына әмбебап спорт алаңша салып берді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Әмбебап спорттық алаңшаның өлшемі 6х20шаршы метр. Мұнда баскетбол, шағын футбол т.б ойын түрлерін ойнауға мүмкіндік жасалған. Спорт алаңшасының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай қатысты.