Бір тәулік ішінде құрылысшылар Арыс қаласында тағы 109 тұрғын үйді тапсырды. Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, қалпына келтірілген үйлердің саны бүгін 1469-ға жетті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Арыстағы үйлерді қалпына келтіруге 17 өңір мен республикалық маңызы бар 3 қаладан 207 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Бұл — шамамен 6868 жұмысшы және 265 арнайы техника.
Айта кетейік, әскери полигонда болған оқиғадан кейін Арыс қаласындағы барлық үйлердің 85% бүлінгені анықталды. ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, күн сайын 100-ден 250-ге дейін үй қалпына келтіру жұмыстарымен қамтылады.
Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 1 тамызға дейін тапсырылуы тиіс.