Жамбыл облысында техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
2019 жылға арналған Жамбыл облысының кәсіпорындары мен ұйымдарында техникалық регламенттерді, стандарттарды енгізу жөніндегі өңірлік жоспардың 1-тармағын орындау мақсатында ҚР ИИДМ ТРМК департаментінің мамандары Жамбыл облысы бойынша «ҚазСтИ» РМК-мен бірлесіп, құрылыс бойынша ұлттық стандарттарды қолдануға қатысты мәселелерді талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелге «Фан «ПКФ» ЖШС директорының орынбасары — А. В. Монастырская, «ҚазҚСҒЗИ» АҚ ОҚФ директоры М.Н. Байтеміров, Жамбыл облысы әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында ғимараттар мен құрылыстардың қауіпсіздік талаптарын сақтау, металл конструкцияларының қауіпсіздігі, Жамбыл өңірінің ғимараттары мен құрылыстарын тексеру мәселелері және қауіпсіздік талаптары талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында сындарлы пікір алмасып, қызықтырушы тақырыптар бойынша сұрақтарға толық жауаптар берілді.