Жамбыл ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында Алтыншы шақырылған Жамбыл аудандық мәслихатының қырық алтыншы сессиясы болып өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сессияға аудан әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, құқық қорғау органдарының басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары және бірқатар аудандық мекемелер басшылары мен мектеп директорлары қатысты.
Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселе енгізілді.
Атап айтқанда Жамбыл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерін орындауы жөніндегі есебі және келесі сессия төрағасын сайлау туралы болды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Жамбыл ауданының әкімі Қазанбасов Бақыт Алпысбайұлы баяндама жасады. Аталған мәселе бойынша аудандық мәслихат депутаттары тарапынан қанағаттандырарлық деп танылып, аталған мәселе бойынша бірауыздан шешім қабылданды.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша аудандық мәслихаттың келесі сессиясының төрағасы болып №10 сайлау округінің депутаты Ералиев Бегалы Ералыұлы бірауыздан сайланды.