Ағымдағы жылдың 20 шілдесінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы мен Тараз қаласының Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері адам саудасы деректерін анықтау, болдырмау және алдын алу, сондай-ақ із-түзсіз жоғалған адамдарды іздестіруге бағытталған профилактикалық іс-шаралар өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рейд барысында түнгі уақытта облыс орталығының көшелері, сауықтыру орталықтары, қонақ үйлер, сондай-ақ ойын-сауық орындары тексерілді.
Нәтижесінде Тараз қаласының көшелерінде және сауықтыру орталықтарында жезөкшелікпен айналысқан 20 азаматша анықталды. Олардың барлығы дактилоскопиялық сараптамадан өткізіліп, есепке алынды, сонымен қатар қыздармен профилактикалық бағытта әңгіме жүргізілді.