ҚР ИИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және РМК «ҚазСтИн» мамандары «Байзақ-Тараз» ЖШС-інде жұмыстық кездесу ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «ҚазСтИн» РМК-мен бірлесіп «Байзақ — Тараз» ЖШС қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырды.
«Байзақ-Тараз» ЖШС-і импорт алмастырушы өнімнің қазақстандық өндірушісі болып табылады, атап айтқанда 24*24 см форматты бір қабатты, ақ және сурет салынған қағаз асхана майлықтарын шығарады.
Кездесу барысында Департаменттің бас маманы Шыңғыс Ергараев ҚР СТ ГОСТ Р 52354-2008 талаптарын түсіндірді.
«ҚазСтИн» РМК директоры Асқар Мыңбаев 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік стандарттау жоспарын қалыптастыру тәртібі, «Стандарттау туралы» ҚР Заң талаптары, нормативтік құжаттарды өзектендіру, сайттарға шолу: www.eurasiancommission.org, www.memst.kz, www.egfntd.kz туралы айтты.
Сондай-ақ, департаменттің және «ҚазСтИн» РМК Жамбыл филиалының мамандары «Байзақ — Тараз» ЖШС өкілдерінің қойылған барлық сұрақтарына толық жауап берді.