KASE: Доллар бағамы тағы да төмендеді

0 15
Қазақстан қор биржасында (KASE) сейсенбі күнгі сауда-саттықтың сессиясында теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы Т+1 (USDKZT_TOM, келісім аяқталғаннан кейін келесі күнгі есебімен) 1 долларға 384,22 теңгені құрады,-  деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 
Дүйсенбі күнгі сауда-саттықпен салыстырғанда, шетел валютасының бағамы 0,15 теңгеге төмендеген. Сессия барысында ең төменгі курс 1 долларға – 383,7 теңге, ал ең жоғарысы – 384,86 теңге болған. Сауда көлемі 117,72 млн долларды құрады.
Дүйсенбі күні доллардың Т+1 есебімен орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша, 1 долларға 384,37 теңгені құрады. Сауданың жалпы көлемі 92,724 млн доллар болды.
Еске салайық, дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағасы 0,52 теңгеге — 384,89 теңгеден 384,37 теңгеге дейін арзандаған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.