Бердібек Сапарбаев халықты жұмыспен қамту орталығына барды

0 5

Бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев өңірімізге жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар барысында министр алдымен Тараз қалалық жұмыспен қамту орталығында болып, атаулы әлеуметтік көмектің берілу барысына қанықты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, орталықта өткен жылы 12 мыңнан аса адам түрлі қызметтер алған. Мекеменің жұмысы туралы директор Бауыржан Төлегенов баяндады.

Сондай-ақ, Бердібек Машбекұлы «Barbershop» сұлулық салонына бас сұқты. Салон жетекшісі Аида Батырбекова өткен жылы «Еңбек» бағдарламасы арқылы «Даму» қорынан 5 миллион теңге шағын несие алып, өз кәсібін ашқан.

Бүгінде ол бес адамды тұрақты жұмыспен қамтып, тұрғындарға шаш үлгілерін жасау, қырқу секілді сән әлемінің сұранысына сай қызметтер көрсетуде. Б.Сапарбаев осындай өз кәсібін ашып, тұрмысын тіктеймін деушілерге мемлекет және жергілікті билік тарапынан барлық қолдаулар жасалу керектігін баса айтты.

Министрдің облысқа жұмыс сапары түсқайта облыс әкімдігінде өтетін жиынмен жалғаспақ. Онда аймақтағы атаулы әлеуметтік көмектің берілу жайы, сол тұрғыдағы өзекті сауалдар қаузалмақ.

Сонымен қатар, Б.Сапарбаевтың Т.Рысқұлов ауданына іс сапары күтілуде.

Leave A Reply

Your email address will not be published.