Жамбыл облысында этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған «Мәдениет әлемі» атты байқау өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Байқаудың басты мақсаты ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретін әлеуетті енгізу үшін жүйе құру болатын.
Байқауға облыстың сегіз этномәдени бірлестігінен және «Айбын» әскери-патриоттық клубынан он екі қатысушы қатысты.
Байқау бағдарламасы барлығы үш турдан құралған. Қатысушылар бірінші турда қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші турда ежелгі салт-дәстүрлерді қазіргі тұрмыста пайдалану туралы өз ойларымен бөлісті.
Сондай-ақ, үшінші турда жеке шығармашылықтары ретінде, этникалық стильдегі киім үлгілерінің дефиле ерекшеліктерін көрсетті.