Шағын және орта бизнесті мемлекет тарапынан қолдау мақсатында жүргізілген «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы 2025 жылға дейін жалғасады. Бұл кәсіпкерлік саласына кең өріс ашатыны белгілі. Осы жоба аясында Талас ауданының орталығы Қаратау қаласында екі әмбебап дүкен ашуға мүмкіндік туды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша көмек алған азаматтар мемлекет тарапынан пайызды субсидиялау, несиеге кепіл беру секілді жеңілдіктерді пайдалана алады. Бұл халық үшін де тиімді болып отыр. Осының арқасында өткен жылы Қаратау қаласында 2- жаңа дүкен ашылды. Онда қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасалған.
Бұл мемлекеттік бағдарламада тек кәсіпкерлікті қаржыландырып қана қоймай, үшінші бағыты бойынша жаңадан ашылған нысандарға инфрақұрылым жүргізу жағы да қарастырылады. Қаланың қақ ортасынан әмбебап дүкеннің ашылғандығы әсіресе тұрғындарды қуантып отыр. Өйткені, мұнда бәрі таза әрі ыңғайлы. Ешкім бұрынғыдай базар жағалап жүрмейді.
Шағын және орта бизнесті дамыту жұмыстары экономиканы ілгері жылжытудың ең тиімді жолы. Сондықтан бұл ел дамуының басым бағыттарының бірі болып, қолдау жалғаса береді.