Талас ауданында көріктендіру және санитарлық тазалық бойынша жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге бөлінген
Талас ауданында ағымдағы жылы елді мекендерді көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына жергілікті бюджеттен 150 млн. теңге бөлініп, жұмыстар жүргізілуде, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Санитарлық тазалыққа — 60 млн. теңге, абаттандыруға — 90 млн.теңге. 2019 жылдың 1 наурыз — 30 сәуір аралығында көктемгі кезеңдегі Қаратау қаласы мен ауылдық округтерінде көріктендіру, көгалдандыру, абаттандыру және санитарлық тазалықты жақсарту үшін атқарылатын іс-шара жоспары және аудан әкімінің 25.02.2019 жылғы №61 қаулысы бекітіліп, 550-ге жуық адам қатысып, қала көшелеріне санитарлық тазарту, талдарды әктеу, арықтар мен жол жиектерін тазарту жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік кезінде арнайы 6—техника жұмылдырылып, 12 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары тиісті орынға шығарылып, арық-атыздарының іштері тазартылды, 600-ге жуық талдар әктелді. Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағына «Таза-Талас» мекемесі тарапынан 400 тал-дарақтар отырғызылды.