Аудан аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 587,5 шақырымды құрайды. Оның ішінде: 394,1 шақырым облыстық, 193,4 шақырым аудандық маңызы бар жолдар, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аудандық маңызы бар «Ақкөл-Талапты» 32 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 451 млн. 605 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Қасқабұлақ ауылына кіре беріс» 12 шақырым автомобиль жолына орташа жөндеу жұмыстарына 134 млн. 824 мың теңге бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, ауылдық округтер бойынша 744 млн. 438 мың теңге және Қаратау қаласы бойынша 404 млн. 538 мың теңге , барлығы 1 млрд. 148 млн. 976 мың теңгеге жобалық-сметалық құжаттар дайындалды.