Жамбыл ауданында 100 жаңа оқулық – жаһанға бастар жол атты көрме инсталяциясы өтті

0 13

Жуырда «Жаңа гуманитарлық бiлiм. Қазақ тiлiндегi 100 жаңа оқулық» бағытын іске асыру мақсатында Бектөбе ауылдық кітапханасында «100 жаңа оқулық – жаһанға бастар жол» атты көрме инсталяциясы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шарада кiтапхана меңгерушісі Айгерім Өмірәлиева қазақ тіліне аударылған 100 жаңа оқулықтың бiрнешеуiне шолу жасап, көпшiлiк назарына ұсынды.

— «Жаңа оқулықтар – эксклюзивті гуманитарлық кiтапхана, бұл оқулықтар көпшілік үшін кiтап түрiнде, электрондық онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрiстерiнiң бейнежинағы сияқты үш форматта қол жетімді болмақ», – деді кiтапханашы Калима Ташкенбаева.

Елбасының тапсырмасымен қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясында Ұлттық аударма бюросы құрылды. Бюро осы уақытқа дейін бірнеше оқулықты қазақ тіліне аударып, беттеп, арнайы сайтқа жариялады.

Елбасы өзінің мақаласында «Қазақстанда білім салтанат құруы керек» деген болатын. Бұл ретте білімнің салтанат құруына 100 жаңа оқулық қомақты үлес қосатынына сенім мол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.