Жамбыл облысында «Марс І» тактикалық жаттығуы бастау алды

0 3

Бүгін шаһардағы ЖД-158/7 мекемесінде таңмен таласа «Марс І» тактикалық жаттығуы бастау алды.

Аталмыш шара Тараз қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұлан 5513 әскери бөлімімен бірлесе жүзеге асырылды. Басты мақсат – сотталғандарды абақтыдан  қашуға жол бермеу, әккі әрекеттердің жолын кесу, алдын алу. Осы бағытта қос тараптың талапқа сай атқаруы тиіс тәсілдер, сын сәтте сергелдеңге түспей дұрыс әрі шапшаң  іс-әрекет,өзге де тақырып аясында қажетті дүниелер пысықталды.Жалпы түзеу нысаны қабырғасында қос бірдей ведомствалық мекеме жұмыс атқарғандықтан өзара қарым-қатынас, іскерлік байланыс мығым болуы тиіс.

Әсіресе жас мамандарға мол тәжірибе болмақ. Айта кетейік,  биылдың өзінде ЖД-158/7 мекемесінде арнаулы оқы орнын тәмамдаған 20-дан астам жас маман  қызметіне кіріскен.

Екі сағатқа созылған тактикалық жиын барысында жоспарға сәйкес барлық жаттығу жүргізілді. Жауынгерлік даярлық, кәсіби машық та назардан тыс қалмады. Ендігі мақсат теориялық ілімді іс жүзінде жарату.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз хатшысы Г.Рысбай

Leave A Reply

Your email address will not be published.