Жамбылдың үздік жастары марапатталды

0 19

Жамбыл облысында «Жастар жылы» қорытындысы бойынша әр саладағы үздік жастар анықталды, деп хабарлайды  «ZhambylNews» АА ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Balqaragai» фито-барда өткен шарада үздік жастар «Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығының он бес номинациясы бойынша марапатталды. «Senim! Eńbek! Jetistik!» форум аясында өткен шараға аймақ басшысы Асқар Мырзахметов арнайы қатысып, ізгі лебізін білдірді.

«Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығы – облыс жастарының азаматтық және қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, облыс жастарының білім, ғылым, өнер, мәдени, шығармашылық деңгейінің артуына және өңірдегі жастар саясатындағы өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға жағдай жасай отырып, әртүрлі салада жетістікке жеткен және қоғамдық өмірде белсенді болған жастарды қолдау мақсатына негізделді.

Комиссия шешімі бойынша «Үздік жас мемлекеттік қызметші» номинациясы бойынша Ж.Аманбай, «Үздік жас баспа журналист» номинациясы бойынша Ж.Ахметов, «Үздік жас тележурналист» номинациясы бойынша М.Бает, «Үздік жас медицина қызметкері» номинациясы бойынша М.Жұматаев, «Үздік жас мұғалім» номинациясы бойынша Е.Жұмаділов, «Үздік жас музыкант» номинациясы бойынша Е.Жұмат, «Үздік жас ғалым» Т.Иманәлиев, «Үздік жас құқық қорғау саласының қызметкері» номинациясы бойынша М.Көкірекбаев, «Қоғамдық қызметтегі үздік белсенді жас» номинациясы бойынша Т.Көпберген, «Үздік жас айтыскер ақын» номинациясы бойынша Н.Құрманов, «Үздік жас кәсіпкер» номинациясы бойынша Е.Омаров, «Үздік жас жазба ақын» номинациясы бойынша Н.Сатымқұл, «Театр және кино саласының үздік жас актері» номинациясы бойынша Б.Тәжімұратов, «Үздік жас спортшы» номинациясы бойынша Қ.Тұрғанбек, «Үздік жұмысшы жас» номинациясы бойынша Е.Тұрғанбек жеңімпаз деп танылды.

Айта кетейік, «Әулиеата үміті» облыстық жастар сыйлығын беру ережесіне сәйкес, 20 қараша — 14 желтоқсан аралығында Жамбыл облысының 14 пен 29 жасқа дейінгі жастары, халықаралық, республикалық және облыстық жарыстардың, байқаулардың, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, жүлдегерлері, қоғамдық өмірге белсенді араласқан, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру және жетілдіру бойынша жаңашыл бастамалар алып келген, жеке басының жетістіктері бар, өзі қызмет ететін салада жетістікке жеткен облыс жастары арасында байқау жарияланған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.