Облыс әкімі Асқар Мырзахметов «Ізгілік елшісі» жобасы аясындағы әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл Агенттігі Төрағасының орынбасары Нұрлан Шабдар пен Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов «Ізгілік елшісі» жобасы аясындағы әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Адалдық алаңы аясында «Ізгілік елшісі» жобасы жанында штаб ұйымдастырып және де ол штаб жанында мұқтаждар, демеушілер және еріктілер пулы құрылды.
«Ізгілік елшісі» жобасы жанындағы еріктілер тарапынан мемлекеттік орган және кәсіпкерлермен тығыз байланыс орнатылып 66 отбасыға сыйлық және материалдық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, демеушілердің арқасында «Камқор» әлеуметтік дүкені жұмыс жасап, аталған дүкенде еріктілер кезекшілікпен қызмет атқарып келеді. Еріктілер жинаған заттардың әлеуметтік дүкен арқылы желтоқсан-қаңтар айлары ішінде 246 азаматқа 762 келі киім кешек берілді.
Сонымен қатар, демеушілер арқылы және Департаментпен ұйымдастырылған қайырымдылық іс-шаралары негізінде «Өркениет» қоғамдық қорының ұймдастыруымен жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларды грантқа түсу үшін қосымша оқу курсынан өтуге 8 оқушыға қолдау көрсетілді.