Сарыс ауданының басшысы Қанатбек Мәдібек екі білекті сыбана кірісіп, тазалық жұмыстарын пилоттық жоба бойынша ауыл ішіне кіретін 2.5 шақырым қашықтықты құрайтын Күлтөбе каналына тазалық жүргізуден бастады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мұндағы мақсат пилоттық жоба аясында атқарылатын, бау-бақша,егістік, мал шаруашылығын өркендету бойынша ауылға су кіргізу мақсатында бүгінде сенбілік өтті.
Аталмыш сенбілікке бұл жолы да еріктілерден құралған 250 адам шықты. Бір жарым шақырым арық қазылды. 10 куб қоқыс сыртқа шығарылды. 3 техника жұмылдырылды.
Ал,бұл жұмыстардың барлығы пилоттық жобаның пәрменділігін арттыру мақсатында жүзеге асуда.
Десек, 261 адам бүгінгі күнге пилоттық жоба бойынша 730 млн. теңгеге несиесін алды.
— Тиімді несие. Тиісті жұмыстар, ерен еріктілері бар ауылдың болашағы жарқын боларына сенемін, сол үшін еріктілер қатарынан табылдым,- дейді Бөрібек Рахметуллаұлы Байқадам Қашқынбаев атындағы орта мектебінің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.
Ия, расында өзінің тұрып жатқан жерінің әдемі де таза болғанын қаламайтын жан жоқ шығар…
Бұл өзімізге, келешек ұрпақ үшін қажет. Сондықтан шын ниетімізбен бір кісідей сенбіліктерге қатысайық. Көп болып жұмылып елді мекендеріміз тазартып, көркейту бәрімізге ортақ міндет!