Жамбыл облысындағы КВИ індетінің алдын алу бойынша жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауданда құрылған түсіндірме және бақылау тобының жиыны өткізілді , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары, топ жетекшісі Мұратхан Шүкеев қатысып, бас мемлекеттік санитардың 30.03.2020 ж. №3 және 4 қаулылары мен Жамбыл облысы бас санитарының 07.04.2020ж №12 қаулысы талаптарының орындалуы, оның ішінде, санитарлық посттардың қызметі, жұмылдырылған мекемелер мен қызметкерлер және техника саны, тиісті құрал-жабдықтармен (бетперде,бір реттік қолғап, тепловизор, градусник, арнайы костюмдер, т.б.) жабдықталуы, құрал-жабдықтардың (тепловизор, т.б.) сапасы, халық көп шоғырланатын мекемелердің (ХҚКО, Жұмыспен қамту орталығы, базарлар, қоғамдық тамақтану орындары, т.б.) қызметі, ірі кәсіпорындардағы санитарлық талаптар, қашықтықтан оқыту және т.б талаптарының сақталуын қадағалау қажеттігін айтып өтті. Сонымен қатар Төтенше жағдайға байланысты құрылған түсіндірме және бақылау тобының мүшелеріне 4 топқа бөлініп, жадынамаға сәйкес ауылдық округтерге зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Облыс әкімінің орынбасары М.Шүкеевтың жұмыс сапары Луговой ауылы бұрылысында орналасқан блок — пост жағдайымен танысумен жалғасын тапты. Орталықта халық көп шоғырланатын аудандық «Қазпочта» торабы, «Халық банк» ғимараттары мен банкомат аумағының жағдайымен танысып, Орталық базар мен дүкендерді аралап, азық-түлік бағаларына мониторинг жүргізді. Жеке кәсіпкерлерге азық-түлік бағасын белгіленген тәртіппен халыққа қолжетімді бағамен сату, ретсіз бағаларды көтермеу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.