Тұрар Рысқұлов ауданында  төтенше жағдайға байланысты барлық тойханалар жабылған

0 5

Тұрар Рысқұлов ауданында  төтенше жағдайға байланысты барлық тойхана, ресторандар жабылды, отбасылық іс-шараларға тоқтау қойылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

ХҚКО-на келетін адам санын қысқарту үшін ауылдық округтерде ашылған «Цифрлық орталықтар» арқылы қажетті құжат алу жұмысы ұйымдастырылды. Аудандық ХҚКО онлайн режимінде жұмыс атқарады, ғимаратта медициналық бұрыш ашылған, барлық сақтық шаралары сақталып, дезинфекциялық құралдармен қамтылған.
Халық көп шоғырланатын орындар – 1 аудандық және 18 ауылдық «Қазпошта» мен «Халық банк» ғимараттарына келушілерді тәртіппен қабылдау мақсатында арақашықтығы 2-2,5 метр орналастыру үшін арнайы жолақтар сызылған. Ақпараттық құралдар орналастырылған. Келген халықпен кезекшілікке қойылған ауылдық округ әкімі аппаратының және полиция бөлімінің учаскелік инспектор мамандары жұмыс істеуде. Қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілген. Орталықта дауыс ұлғайтқышпен үздіксіз ескерту хабарламасы айтылуда.

Аудан әкімінің 2020 жылғы 27 наурыздағы «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі штаб құру туралы» № 19 өкімі бекітілді.Штаб төрағасы аудан әкімінің орынбасары Әлпеисов Бейсенбек Әшімәліұлы. Штаб құрамы мүшелері -9.
Әлеуметтік төлем алуға 194 жұмыс берушіден 225 азаматқа өтініш түскен, «Азаматтарға арналған үкімет» МККЕАҚ Т.Рысқұлов аудандық мекемесінің әлеуметтік қамтамасыз ету бөліміне жолданған.

Телеграмм-бот, Egov сайты, «Еңбек» порталы арқылы 8058 өтініш қабылданды.
Ауылдық округтерге шыққан топ мүшелерінің мәліметіне сәйкес, тұрғындар тарапынан карантин режимі сақталуда, елді мекендерде азық-түлік дүкендері мен шағын дәріханалардан басқа нысандар жұмысын тоқтатқан, топтасып жүру немесе қандай да бір шара өткізу жағдайлары анықталған жоқ. Сауда орындары мен ұсақ дүкендерде коронавирустан қорғану жөнінде ақпараттық құралдар, тақтайшалар  ілінген, топтасып кіруге, бетпердесіз қарым-қатынас жасауға тыйым жөнінде шаралар қолданылуда.

Аудандағы кәсіпорындар толық қуаттылығында жұмыс атқаруда, жұмысшыларды қысқарту фактілері жоқ, ақысыз демалысқа жіберілгендер жоқ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.