Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында АОА дәрігерлерімен 16 тренинг жүргізілді

0 30

Тұрар Рысқұлов аудандық орталық ауруханасында 75 дәрігер, 300 орта буын қызметкерлеріне Коронавирус дертінің алдын алу бойынша ақпараттық нұсқама өткізіліп, медициналық көмек көрсету дайындығы бойынша ТҚҚСҚББ мамандарының қатысуымен 9 семинар-сабақ өтіп, АОА дәрігерлерімен 16 тренинг жүргізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

АОА-ның дезинфекциялық құрылғылармен жабдықталуы:деохлор-3000; люирэкс-3000 табл; додексан-20л; антисептик-100 л; гиплохлорид-200 кг; хлордезин гранула-200 кг. Аудандық аурухана карантиндік режимге көшірілді.

Дәрігерлер тарапынан күнделікті үйме-үй аралау жұмыстары белсенді жүргізіліп, науқастарды анықтау, кеңес беру, түсіндіру шаралары өтті.​Коронавирусты аурулармен қатынаста болған науқастарды бақылауға жатқызуға АОА-дан Жұқпалы аурулар бөліміне 3 бокс, әр бокста 2 төсектен 6 төсек даярланды, қосымша 20 төсек орын даяр.

Коронавирус инфекциясының алдын алу үшін вирусқа қарсы препараттар қоры жасалды: Тамифлю-2000 капсула, Номидес-1200 капсула, Рибоварин-1500 таблетка; Қажетті медициналық жабдықтар:термометр-500 дана, шпатель-6000 дана, көп реттік костюм-90 дана, көп реттік маска-2500 дана, дезинфекциялық препараттар қоры: антисептик-100 л,гипохлорид-200 кг, гранула-200 кг алынды. Аудандағы дәріханаларда антисептикалық құралдардың болуын қамтамасыз ету бойынша күнделікті мониторинг жүргізілуде. Жеке кәсіпкер тігіншілер /5 кәсіпкер/ көмегімен көп реттік 3500 дана бетперде тігіп, даярлауда.

​Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан берілген тізім бойынша 2020 жылдың 10 сәуіріне шет мемлекеттен келген 10 адам нақты түрде 14 күндік үйдегі бақылауда тұр, жағдайлары тұрақты.Күнделікті телефон байланысы арқылы мониторинг жүргізілуде.
Алматы, Нұрсұлтан қалаларынан келген 1616 адам , оның ішінде 800 студент бақылауда 96 жүкті әйел келді. Мониторинг күнделікті жүргізілуде.

Тұрақты түрде үй аралау жұмыстары күшейтілді, күнделікті 3450-3700 аула қаралады. Дене қызуы және жөтелі бар адамдар тізімі жасалынып, амбулаторлық ем қабылдауда.
Коронавирус жұқпалы ауруының алдын-алу және таралмау іс-шараларын ұйымдастыру мақсатында науқастарды топтастырмау үшін аурухана мамандары үйден қызмет көрсету іс-шарасын күшейтті: 2020 жылдың 20 наурыз -10 сәуір аралығында 6854 рецепт шығарылып, барлығы 34 980 247,19 тг дәрі – дәрмегі мейірбикелер арқылы науқастардың үйіне жеткізілді. Үйге дәрігерді шақыру-767; телефон байланысы арқылы қашықтықтан -161 адамға еңбекке жарамсыз парағы ашылды.

Коронавирус індеті туралы 30000 дана парақша таратылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.