Мойынқұмда көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде

0 0

Мойынқұм ауданында көктемгі егіс, дала жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Қазіргі таңда алқаптардың 60 пайызына дән себілген, — деп хабарлайды  «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Биыл аудан бойынша 5 408 суармалы алқап игерілу жоспарлануда. Оның ішінде, Кеңес ауылдық округінде — 1 515 гектар, Бірлік ауылдық округінде — 1 445 гектар, Биназар ауылдық округінде — 575 гектар, Қызылтал ауылдық округінде — 1 190 гектар, Қызылотау ауылдық округінде — 387 гектар, Жамбыл аулдық округінде — 65 гектар, Мойынқұм ауылдық округінде — 41 гектар және Қылышбай ауылдық округінде — 190 гектар.

Аса басымдық беріп отырған ауыл шаруашылық дақылдары дәндік жүгері — 1 325 гектар, тары — 420 гектар, арпа — 250 гектар, жаңа жоңышқа — 545 гектар, бақша — 408 гектар, картоп — 101 гектар, көкөніс — 196 гектар.
Бүгінгі таңға 2583 гектар жер жыртылып дайындалды, 250 гектар жерге арпа (жоспар 250 га), 545 гектар жерге жоңышқа (жоспар 545) себілді. Көктемгі дала жұмыстарын атқаратын техникаларды арзандатылған жанар жағар маймен қамтамасыз ету үшін оператор жеке кәсіпкер «Есенқожаев» белгіленген. Бағасы 160 теңге.
Бүгінгі күнге көктемгі егіс дала жұмыстары 60 пайызға орындалды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.