Мойынқұм ауданында азық-түлік бағасы бақылауда

0 0

Қазақстан Республикасының сауда және экономика Министрліктерінің бірлесіп шығарған «Азық түлік бағаларының шекті бағасын» белгілеу туралы бұйрығына сәйкес аудан көлемінде орналасқан сауда орындарында арнайы құрылған штаб тарапынан түсініктеме жұмыстары жүргізілуде, -деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Сауда саттық орындарында азық-түлік қоры тұрақты бақыланып, назарда ұсталып отыр. Ешқандай азық — түлік түрінен тапшылық байқалмайды. Жеке кәсіпкерлер қажетті азық-түліктерді және медициналық препараттарды Тараз қаласынан жеткізгендіктен бүгінгі күнге арнайы құрылған базаға енгізіліп, облыстық штабқа жіберілуде.

Азық — түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру мақсатында күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр. Бүгінгі күнге елімізде орын алып жатқан «Төтенше жағдайға» байланысты кейбір тауар бағаларының көтерілуіне байланысты аудан әкімінің атынан Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасына және «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-на 36,5 тонна қант, 20 тонна ұн, 6 тонна картоп және 5 тонна пиязға сұраныс хат жолданды.

Оның ішінде: Мойынқұм ауылы 29 тонна қантқа, Кеңес ауылдық округі 2 тонна, Биназар 0,4 тонна, Қылышбай 1,6 тонна, Хантау 3 тонна, Қызылтал 0,5 тонна, қантқа тапсырыс беріп отыр.

Аталған тауарларды жеткізу үшін ауа райының қолайсыздығы кедергі болып отыр. Қазіргі жағдайда Ә.Кемелькулова («Қожа Ахмет» дүкені) 5 тонна қант жеткізіп, 200 теңгеден сатуда.
Ауа райының қолайсыздығына байланысты қалған тауарларды жеткізуге мүмкіншілік болмай отыр.

Айта кетейік Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай режимін енгізуге байланысты Қазақстан халқына арнаған үндеуінде бағаға мемлекеттік реттеу жүргізілетін әлеуметтік маңызы бар тауарлардың қажетті тізбесін бекітуді тапсырды. Өңірлердің әрбір әкімі бірінші кезектегі сұранысқа ие тауарлардың бар-жоғын нақты есепке алуды жолға қоюы керек. Бірінші кезекте қажетті азық-түліктерге қатысты дүрбелеңге, байбаламға жол бермеу қажет. Өңірлердің әкімдері тауарлардың өңіраралық тасымалын бақылау және жергілікті тапшылықты болдырмау үшін өзара іс-қимылды ретке келтіруі тиіс. Жеткілікті қордың болуын қамтамасыз етіп, оларды сөрелерге жеткізу тетіктерін пысықтап, бағаның өсіп кетпеуін қатаң бақылап, алыпсатарлыққа жол бермеу керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.