Сарысу аудандық филиалы белсенді жұмыстар атқаруда 

0 0

Қатерлі індетке қарсы күресті күшейтіп, көмекке аса мұқтаж жандарға қол ұшын созуды құптаған қайырымды істі жүзеге асыру үшін Сарысу ауданы әкімдігі мен «Nur Otan» партиясының Сарысу аудандық филиалы белсенді жұмыстар атқаруда , деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.

Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қиын-қыстау сәтте Сарысулық жомарт кәсіпкерлер халықпен бірге екендіктерін көрсетуде.

Бүгінгі акция аясында негізінен ауылдық округте тұратын аз қамтамасыз етілген отбасылар қамтылған.

Бүгін Жайылма ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен ауылдық кәсіпкерлердің қолдауымен көп балалы ана және жағдайы төмен 18 отбасына азық-түлік таратып, көмек қолдарын созды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.