Тұрар Рысқұлов ауданында көп жылдар бойы шешімін таппай келген ауылдарда ауыз су жүйелері құрылысы мен су шығару имаратының құрылысын жаңғырту мәселесі өз шешімін табатын болады , — деп хабарлайды «ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Биыл бұл жұмыс ауданның 8 елді мекенінде басталып,келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда,қаржыландыру өтпелі кезеңдермен берілген.
Жұмыс алгоритміне сай Тұрар Рысқұлов ауданы әкімі Е.Садырқұлов Өрнек ауылдық округіне қарасты Жарлысу ауылында ауыз су жүйесінің және су шығару имаратының құрылысын салу жұмысымен және Құмарық ауылдық округіндегі Алғабас ауылының су жүйелері құрылысы барысымен танысты.
Жарлысу ауылындағы құрылысқа жауапты мердігер-» Жігер-2004″ ЖШС-і мен авторлық қадағалаушы-» ҚұрылысИнвест жоба» ЖШС-і.
Қазіргі уақытта ауылда құрылыс жұмысы басталып та кеткен,онда 25 жұмысшы өз қызметтерін атқаруда.
Құмарық ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылының су құбыры желілерінің құрылысын салу жұмысын жүргізуші мердігер-«Ақмешіт-Мелиоратор» ЖШС-і, авторлық қадағалаушы — «Табыс жоба» ЖШС-і.
Екі ауылдағы құрылыс бойынша мердігеп ұйым басшыларымен және сала мамандарымен бірге аудан әкімі Ерболат Салқынбекұлы құрылыстың тиімді жүргізілуі мен жұмыстың сапалы ұйымдастырылуы бойынша мәселелерді талқылады.
Барлық жауапты тұлғаларға «Т.Рысқұлов-Адалдық алаңы» жобалық офисі мүшелері және Қоғамдық бақылау тобы мүшелері, аудан әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстарына жүргізілетін қадағалау шараларының жүргізілетіні туралы ескертті.
Жұмыстың сапалы ұйымдастырылуына көңіл бөлу қажеттігін жүктеп, жауапты жұмыстың нәтижелі аяқталуына мән беру қажеттігін ескертті.